Арман Жүдебаев Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметін сілтеме жасап хабарлайды.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.


Соңғы жаңалықтар