Арманда кеткен Ақерке туралы фильм түсірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде «Я люблю тебя, Акерке!» атты жаңа отандық фильмнің трейлері пайда болды. Шабыт университетінің түлектері түсірген бұл фильм дүниеден ерте озған дарынды қыз Ақерке жайлы болмақ. Бұл - Назия Назарбек пен Мейірім Арғымбаеваның алғашқы жұмысы және Ақеркенің достары бұл туындыны өз қаржыларына түсірген.
Аққан ауруына ұшыраған Ақерке Жұрынбаеваның тағдыры Астана жұртшылығына жақсы таныс. Ақеркенің ауылдағы ата-анасы қатерлі ауруға қарсы емге қажет қомақты қаржыны таба алмады және оның курстастары - Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қол ұшын созған еді. Олар Астана қаласында түрлі концерттер, жәрмеңкелер ұйымдастырып, тағамдар сатып, 24 мың доллар жинап берді. Әйтсе де, әнші болуды армандаған Ақеркені ажал алмай қоймады. 21 жасында өрімдей бойжеткен өмірден озды.
Ақеркеге сен туралы кино түсіреміз деп уәде берген достары өз сөздерінде тұрды. Фильм 2017 жылы 1 ақпанда Ақеркенің туған қаласы Ақтөбеде жұртшылық назарына ұсынылады. Ал 2 ақпаннан бастап, Қазақстанның барша кинотеатрларында көрсетіледі. Көрсетілімнен түскен барлық қаражат қатерлі ісікпен ауыратын балаларға көмек ретінде жіберіледі.