Армен Джигарханян жансақтау бөліміне түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Халық әртісі Армен Джигарханян жүрек талмасы күдігімен Склифософский атындағы жедел жәрдем институтының жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлады "Интерфакс" институтқа сілтеме жасап.

Армен Джигарханян жансақтау бөліміне түсті

"Армен Джигарханян шұғыл түрде Склифософский атындағы институтқа жатқызылды. Қазір ол реанимацияда, - деді агенттіктің ақпарат көзі. - "Инфаркт" диагнозы әзірге расталмады".

Джигарханян - кеңес және ресейлік театр және кино актері, театр режиссері, педагог. 1935 жылы Ереванда туған.

II, III және IV дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" ордендерімен марапатталды.