Армен Саргсян Армения президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Ұлттық жиналысы елдің төртінші президентін сайлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Арменпресске» сілтеме жасап. 

 Армен Саргсян Армения президенті болып сайланды

Армен Саргсян кандидатурасына 90 депутат дауыс беріп, 10-ы қарсы болған.

«Дауыс беруге 101 депутат қатысты. Жәшікте 101 бюллетень болды, соның біреуі жарамсыз деп танылды. Осылайша, Армен Саргсян республика президенті болып сайланды», - дейді Ұлттық жиналыс уақытша есеп комиссиясының төрағасы Гагик Меликян.

Фото:novostink.ru