Армения Гюмридегі іске қатысты сотты өз елінде өткізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның бас прокуроры Геворг Костанян Гюмри қаласындағы 6 адамның өлімі туралы іс армяндық тараппен тергеліп, бұл қылмысқа барған адам Армения аумағында жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.
None
None

Дүйсенбі күні 102-ші ресейлік әскери база орналастырылған Гюмри қаласында бір жанұяның мүшелері автоматпен өлтірілген.

Бұл қылмысты жасады деп Ресейдің әскери базасының сарбазы Валерий Пермяков күдікке алынған. Ол 12 қаңтарда өз бетінше әскери бөлім аумағынан шығып кеткен.

Келесі күні сарбаз армян-түрік шекарасынан заңсыз өтуге әрекеттенген кезінде ұсталды.

Соңғы жаңалықтар