Армения құрамасының экс-бапкері «Тобылдың» бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения құрамасының бұрынғы бас бапкері, 40 жастағы маман Вардан Минасян қостанайлық «Тобыл» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
None
None

В. Минасян Қостанайға келіп, «Тобыл» - «Қайрат» кездесуін өз көзімен қарап кетті. Осыдан соң ол аймақ басшысымен кездесті. Тараптар барлық мәселелер бойынша өзара келісімге келді. Бұған дейін Вардан Минасян шетелдік командалармен жұмыс жасап көрмеген, ол өз отанындағы клубтарды және Армения құрамасын жаттықтырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум