Армения мен Әзербайжан шекарадағы теміржол инфрақұрылымын жетілдіруге кірісті

АСТАНА. KAZINFORM — Армения мен Әзербайжан мамандары екі ел арасындағы шекарада орналасқан теміржол инфрақұрылымын бірлесіп тексерді.

Армения мен Әзербайжан шекарасы
Фото: Анадолу

Бейсенбі күні Армения мен Әзербайжан өкілдері Ерасх — Садарак шекаралық учаскесіндегі теміржол инфрақұрылымының жағдайымен танысты. Бұл туралы Арменияның Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, тексеру аталған учаскенің инфрақұрылымды қалпына келтіруге арналған тиісті кешенді іс-шараларды іске асыру барысында арнайы теміржол құрылыс техникасының қозғалысын қамтамасыз ету үшін техникалық жарамдылығын бағалау мақсатында жүргізілген. Тексеру барысында тараптар осы учаскедегі теміржол инфрақұрылымының техникалық жай-күйін бағалау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сол күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда өткен брифингте үкіметтің аймақтағы көлік қатынас жолдарын бұғаттан шығару жөніндегі келісімге берік ұстанымда екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әзербайжан Арменияға бірнеше сотталған азаматты тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум