Армения мен Әзербайжан шекарасында алғашқы шекара бағаны орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM –Армения мен Әзербайжан шекарасында алғашқы шекара бағаны орнатылды. Бұл туралы Армения үкіметі хабарлады.

шекара бағаны орнатылды
Фото: ТАСС

«2024 жылдың 23 сәуірінде геодезиялық өлшемдерді үйлестіру жұмыстары аясында Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасының шекарасында бірінші шекаралық баған орнатылды», - делінген Армения министрлер кабинетінің Telegram-каналында.

Нақты қай жерде орнатылғаны көрсетілмеген.

Бұған дейін республиканың Ішкі істер министрлігі 23 сәуірде Тавуш облысының Баганис-Воскепар учаскесінде Әзербайжанмен шекарасын делимитациялау жұмыстарын бастайтынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар