Армения полициясы Ереванда қарсылық танытып жатқандарда жарылғыш заттар бар деп мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения полициясы Ереванда қарсылық танытып жатқандардың кейбіреуінде жарылғыш заттар бар деп мәлімдеді. Бұл туралы Ереван полициясы басшысының орынбасары Валерий Осипян айтты, деп хабарлады «Новости-Армения».
Оның сөзіне қарағанда, қазргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды атқаруда.
Атап өтілгендей, қазіргі уақытта Баграмян даңғылындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр.