Армения Премьер-Министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армения Премьер-Министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да одан әрі тереңдетудің ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Армения Премьер-Министрі Қазақстан Президентін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев та Никол Пашинянның мемлекеттік қызметіне жаңа жылда мол табыс, достас армян халқына бақ-береке тіледі.