Армения Президенті Үкімет басшысын тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Президенті Серж Саргсян елдің Премьер-Министрі лауазымына Овик Абраамянды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлайды.

Армения Президенті Үкімет басшысын тағайындады

Армения Республикалық партиясының кеңесі мен атқарушы орган Үкімет басшысы қызметіне 56 жасар Абраамянның кандидатурасы толық лайық деп құптады. Бұған дейін саясаткер аталған партия төрағасының орынбасары болды. Еске сала кетейік, оған дейін Арменияның Үкіметін басқарған Тигран Саркисян 2014 жылдың 3 сәуірінде отставкаға кеткен болатын.