Армения соты бұрынғы президент Серж Саргсянның ісін қайта қарауға кірісті
АСТАНА.KAZINFORM - Арменияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты елдің үшінші президенті Серж Саргсянға қатысты қылмыстық істі қарауға кірісті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Іс Еревандағы Исаков даңғылында орналасқан және Қорғаныс министрлігінің теңгеріміндегі 11 гектар жер телімін иеліктен шығаруға қатысты.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2005-2006 жылдары Серж Саргсян Қорғаныс министрі қызметін атқарған кезде бұл жер тікелей нарық бағасынан айтарлықтай төмен бағаға сатылған.
Бұған дейін Арменияның бұрынғы президентіне аса ірі көлемде пара алды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген айып тағылғаны хабарланған болатын.