Армения «Трамп жолы» жобасын іске асыруға тағы бір қадам жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Армения парламенті Ереван мен АҚШ арасындағы «Трамп атындағы халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» (TRIPP) жобасы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы жалпылама келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Armenpress-ке сілтеме жасап.

Армения «Трамп жолы» жобасын іске асыруға тағы бір қадам жасады
Фото: The Saratoga Foundation

Құжатты 63 депутат қолдап, 32 депутат қарсы дауыс берді.

Биліктегі «Азаматтық шарт» фракциясы құжатты қолдаса, оппозициялық «Күшті Армения» және «Армения» фракциялары қарсылық танытқан.

Құжатты парламентке ұсына отырып, Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян республика ішіндегі барлық жобалық инфрақұрылым Арменияның егемендігі мен ұлттық юрисдикциясы аясында жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жоба аймақтық коммуникацияларды ашуды, Армения ішінде теміржол қызметін қамтамасыз етуді және елдің Әзербайжан арқылы үшінші ел нарықтарына шығуына жағдай жасауды көздейді. Өз кезегінде Әзербайжан Армения арқылы Нахичеваньмен көлік байланысын орнатады.

Келісім аясында TRIPP Development Company құрылмақ. Армения тарапы акциялардың 26%-ына, ал Америка 74%-ына иелік етеді. Ынтымақтастықтың бастапқы мерзімі 49 жыл. Егер өзара келісім бойынша тағы 50 жылға ұзартылса, Арменияның үлесі 49%-ға дейін артады, ал АҚШ қолында 51% үлес қалады.

Арарат Мирзоян сонымен қатар компанияның жарғысы мен акционерлер келісімі әлі келісілмегенін және бекітілмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Американың теңқұрылтайшы компаниясы ынтымақтастықтың барлық кезеңінде АҚШ үкіметінің меншігінде және басқаруында болады.

Жалпылама келісімге 2026 жылдың маусым айында қол қойылған.

Бұған дейін Никол Пашинян TRIPP жобасы Армения экономикасына тың серпін беретінін айтқан болатын.