Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне қатысатынын растады

Армения НАТО
Фото: armenpress.am

ЕРЕВАН. KAZINFORM — Армения НАТО-ның Вашингтондағы саммитіне серіктес форматында, сондай-ақ альянстың 75 жылдығына арналған басқа да шараларға қатысатынын растады, деп хабарлайды armenpress.am сайты.

– Армения әріптестер форматында Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне, сондай-ақ альянстың 75 жылдығына арналған басқа да шараларға қатысуға шақыру алып, өзінің қатысатынын растады. Қазіргі уақытта басқа келісімдер жоқ, - деді Армения сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Джеймс О'Брайен Әзербайжанда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Вашингтонда өтетін НАТО саммиті аясындағы әріптестер кездесуіне Әзербайжан мен Арменияны шақырғанын мәлімдеген.

Вашингтонда НАТО саммиті 9-11 шілдеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар