Армения және Әзербайжан Президенттері Қарабах қақтығысы бейбіт шешілетініне үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения және Әзербайжан Президенттері Серж Саргсян мен Ильхам Әлиев, Ресей басшысы Владимир Путиннің қатысуымен Сочи қаласында өткен үш жақты кездесуде Таулы Карабах қақтығысын бейбіт жолмен келісуге үмітті екендіктерін жеткізді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Көрші, әрі, достық қатынастағы мемлекет ретіндегі мәселені реттеуде Ресейдің рөлі ерекше. Жақын уақытта келіссөздер арқылы халықаралық нормаларға сәйкес және әділет тұрғысынан да біз ортақ шешім табамыз деп ойлаймын», - деді Ильхам Әлиев.