Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения президенті Армен Саркисян кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Арменпресс.

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

Армения президенті аппаратының қоғаммен байланыс және БАҚ басқармасы мәлім еткендей, жарлықта:

«Армения Республикасы Конституциясының 92 және 93 баптарындағы талаптар мен Ұлттық Жиналысты таратуды  назарға ала отырып, Армения Республикасы Конституциясының 149-бабы 3-бөлігіне сәйкес 2018 жылдың 9 желтоқсанында кезектен тыс Ұлттық Жиналыс  сайлауы өткізілсін. Бұл жарлық ресми жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді»,-делінген.

Хабарланғандай, қазіргі армян Парламенті депутаттарын сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Премьер-министр сайланған жоқ. Конституцияға сәйкес, қазіргі Парламент таратылды. Кезектен тыс парламент сайлауы биыл желтоқсанда өтеді.