Арменияда қыдырымпаз депутаттарға 26 мың доллар айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияда Ұлттық кеңес отырысына келмеген депутаттарға 26 мың доллардан астам айыппұл салынды, деп жазды «Новости Армении» ХАА жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент отырысын қыдырымпаздыққа салынған 39 депутат жіберіп алған. Олардың жалақыларынан ұсталған сома 12,64 млн драмнан ($26,7 мыңға жуық) астам болды.
Жаза ретінде ұсталған сома жалақы қорын экономдау ретінде ресімделген, деп қосты баспасөз қызметі.