Арменияда мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның Синюк ауданында мектеп автобусы жарға құлап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Арменияда мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты
Фото: armenpress.am

Зардап шеккен 24 адам (9 мектеп қызметкері мен 15 оқушы) Капан қаласының медициналық орталығына жеткізілді.

Оқиға салдарынан 1970 жылғы мұғалім ауруханада қайтыс болды.

10 наурыз күні сағат 14:20-да Синюк өңірлік дағдарысты басқару орталығына Капан-Норашеник тасжолында автобус жыраға құлап , құтқарушылар көмегі қажет екені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті.

Анықталғандай, Капан-Норашеник тасжолының 16-шы шақырымында Охтар ауылындағы орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері отырған «ПАЗ» автобусы жол жиегінен шығып кетіп, биіктігі шамамен 5 метрге жететін көпірден Ачанан өзеніне құлап кеткен.