Арменияда Ресейдің Бірінші телеарнасы өшірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің бірінші арнасының (ОРТ) Арменияның жалпыға ортақ мультиплексінде хабар таратуы дебиторлық берешекке байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Арменияның Жоғары технологиялы өнеркәсіп министрі Мхитар Айрапетян Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

тв пульт
Фото: Pіxabay.com

Aрменпресс агенттігіне министр Айрапетян Арменияда Ресейдің Бірінші арнасының таратылуын тоқтату туралы хабарламаны түсіндірді. 

«Армян телерадиохабар тарату желісі» ЖАҚ пен «1 арна, Жаһандық желі» АҚ арасындағы қазіргі келісімге сәйкес, телеарна келісім-шарттағы міндеттемелерін орындамай, 2,5 айлық қарыз жинаған. Ресейлік арнаның (ОРТ) қоғамдық мультиплексте хабар таратуы қарыз толық өтелгенге дейін тоқтатылды», - деп жазды Арменпресс министр Айрапетяннің сөздерін.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияны құрметсіздік танытқан ресейлік телеарналарға тыйым салу мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

декреттегі әке
Ұқсас жаңалықтар

Декреттегі әкелер: заң не дейді, жұмыс беруші не істейді