Армениядағы президенттік сайлауда Саркисянның жеңгені хабарланды

Дауыс беруге сайлаушылардың 60 пайызға жуығы қатысқан, деп хабарлады «Азаттық».
Бұрынғы сыртқы істер министрі Раффи Ованнисянге сайлаушылардың 36,7 пайызы дауыс берген. Бірақ ол жеңілісін мойындамай, "билік Саркисянның жеңіске жетуі үшін дауыс беру нәтижелерін бұрмалады",- деп мәлімдеді.
Ресми орындар сайлау барысында заң бұзушылықтар туралы ақпараттар түскенін мойындағанымен, дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деген айыпты жоққа шығарды.
ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі және Еуропа парламентінің бақылаушылары бүгін сайлауға берген бағасын жариялайды.
Сайлау науқаны кезінде үміткерлердің бірі - Паруйр Арикянға қастандық жасалған еді. Тағы бір үміткер Андриас Гукасян "сайлау алаяқтық жолмен өтеді" деп мәлімдеп, аштық жариялаған болатын.
Арменияда президент бес жыл мерзімге сайланады.