Арменияға «Еуровидениеге» қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салынды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Еуропалық хабар тарату одағы Арменияға Бакудегі «Еуровидениеге» қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Арменияға «Еуровидениеге» қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салынды

Еуропалық хабар тарату одағының шешіміне сәйкес Армения конкурсқа қатысудың толық жарнасын, сондай-ақ осы соманың жартысын айыппұл ретінде төлеуі тиіс. Бұдан басқа, Арменияның қоғамдық теледидары «Еуровидение» финалын тікелей эфирде көрсетуі қажет.  

Еуропалық хабар тарату одағынан мәлім етілгендей,  Армения егер осы айтылған ұсыныстардан бас тартса, 2013 жылғы «Еуровидениеге» қатысудан шеттетіледі. Сонымен қатар Одақ өкілдері айыппұл Арменияның қатысудан бас тарту себептерінен тыс конкурс регламентіне сәйкес салынып отырғанын атап өтті.

Армения 7 наурызда «Еуровидениеге» қатысудан ресми түрде бас тартқан болатын. Одан бұрын армяндық орындаушылар елдің қоғамдық теледидары арқылы конкурсқа байкот жариялау жөнінде ашық хат жазды. Бұған Әзірбайжанмен шекаралас жерде армян сарбазының қаза болуы себеп болды, оны әзірбайжандық мерген атып өлтірді деген пайымдау жасалды. Алайда оны өзімен қызметтес сарбаз атып өлтірген болып шықты.

«Еуровидение» конкурсы 22-26 мамыр аралығында Бакуде өтеді. Әзірбайжан бұл құқыққа 2011 жылы Германияда өткен «Еуровидениеде» Эльдар Гасымов пен Нигар Джамалдың дуэтінің жеңісі арқасында ие болды.