Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян мен ұлы ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Арменияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет жүргізіп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрынғы президент Роберт Кочарян мен ұлы Седрак қамауға алынды. Бұл туралы Kazinform агенттігі Арменпресс-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті 25 тамызда Роберт Кочарян мен оның отбасына тиесілі бірқатар нысандарда тінту жүргізілгенін хабарлады.
Роберт Кочарянның кеңсе басшысы Баграт Микоянның айтуынша, Арменияның екінші президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жеткізілген.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары Роберт Кочарянның ұлдары Левон мен Седрактың үйіне кіріп, тергеу амалдарын жүргізген.
Еске сала кетейік, биыл маусым айында елдің экс-президенті Роберт Кочарянға Армениядан шығуға тыйым салынған еді.
Ақзат Жиеналина