Арменияның ДСМ-ы жаппай локдаун енгізу туралы сыбысты жоққа шығарды

ЕРЕВАН. Арменпресс-ҚазАқпарат – Армения Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус пандемиясының салдарынан жаппай локдаун және қатаң шектеулер енгізу туралы қауесеттің шындыққа жанаспайтындығын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат «Арменпресс» агенттігіне сілтеме жасап.

Арменияның ДСМ-ы жаппай локдаун енгізу туралы сыбысты жоққа шығарды

«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды қадағалап отыр. Коронавирус таралуының өсуіне байланысты антиэпидемиялық ережелерді сақтауға шақырамыз. Олар - бетперде тағу, қолды жиі жуу, әлеуметтік қашықты сақтау», - деп ескертті министрліктен.

Айта кетерлігі, БАҚ-та премьер-министр Никол Пашинянның 15 наурыздан бастап қайтадан қатаң шектеулерді енгізетіндігі жөнінде қауесеттер тараған еді.