23:10, 17 Сәуір 2018 | GMT +6
Арменияның жаңа премьер-министрі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения президенті Армен Саркисян елдің премьер-министрі қызметіне Серж Саргсянды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Арменпресс.
«Конституцияның 149-бабы 5-бөлігіне сәйкес, Серж Саргсян премьер-министр болып тағайындалсын», - делінген жарлық мәтінінде.
Серж Саргсян жаңа қызметке Ұлттық жиналыстың арнайы отырысындағы дауыс берудің нәтижесімен тағайындалды.