Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері үшін соңғы қоңырау соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 мамыр күні армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

 Биылғы жылы мектеп қабырғасынан 74 жасұландық түлеп ұшады. Салтанатты жағдайда түлектерге аттестаттар және құрмет грамоталары табыс етілді.
Құрылған сәттен бастап, 15 жыл ішінде армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі 500-ге жуық тәрбиеленушіні түлетіп шығарды.
Мектеп тәрбиеленушілері мемлекеттік және шет тілдерін тереңдете оқиды.

Соңғы жаңалықтар