Армия құрамасын жасақтау үшін спортшылар тартысқа түсті

Бұл туралы ҚР ҚМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
АОСК мен Әскери-спорт клубтары федерациясы бірлесіп ұйымдастырған ашық турнир Халықаралық әйелдер мерекесіне арналды.
Оған Қазақстан Республикасының 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан, АОСК және Динамо командаларынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінен, ІІМ Ішкі әскерлерінен өкілдер, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан қонақтар қатысты.
ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 17 команда қатысып, 128 боксшы қолғап түйістірді.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орынды - «АОСК»-ның (6 алтын, 3 күміс, 3 қола);
ІІ орынды - Алматы қаласының (1 алтын, 1 күміс, 4 қола);
ІІІ орынды - Астана қаласының (1 алтын, 1 күміс) командалары иеленді.
Жарысқа AIBA дәрежесі бар кәсіби төрешілер төрелік етті. Төрешілер алқасын Рақымжан Сыдықов басқарды.
Турнирге қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев, ҚР Ұлттық қыздар құрамасының бас бапкері Вадим Пресежнюк, әлем чемпионы Михаил Юрченко, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Сачеков, ұлттық құраманың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков, «Астана-Арланс» командасының бас бапкері Сергей Качинскийлер қатысты.
Турнирде жақсы өнер көрсеткен ең үздік боксшылардан 2014 жылы Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрама қалыптастырылатын болады.
Турнирдің негізгі мақсаты - Қарулы Күштердің беделін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, армия құрамасын жасақтау үшін спортшыларды іріктеу, боксты насихаттау.