Армия спортшысы Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбеде Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Alash Pride лигасы
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Армия Орталық спорт клубының спортшысы капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Alash Pride лигасы
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

— Мен өз күшіме сенімді болдым. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым — алғашқы әйел чемпион болу еді. Ол арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, — деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Соңғы жаңалықтар