Армияда үздік боксшыны анықтайтын турнир өтіп жатыр
Бұл бокстан чемпион атану үшін аталмыш спорт түрінде офицерлер, келісімшарт бойынша және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, үздіктер бас қосатын сайыс. Биыл Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Кадет корпусы және ҚР ІІМ Ұлттық ұлан командалары турнирге алғаш рет қатысып отыр.
Турнир Халықаралық бокс федерациясының АIBА халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Былғары қолғап шеберлері әрқайсысында 10 әскери қызметшіден құралған команда құрамында ұсынылған және 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 келіге дейін және 91 келіден жоғары сегіз салмақтық санатта өнер көрсетеді.
ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, бокстан турнир болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларды, Қарулы күштердің құрама командаларын жасақтау үшін кандидаттарды іріктеуге, әскери қызметшілердің спорттық шеберліктері мен әскери спортшылар мен төрешілердің кәсіби сыныптылықтарын арттыруға бағытталған. Дәстүрге айналған сайыс қазақстандық армияның әскери қызметшілері арасында аталмыш спорт түрін дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.