Армстронгпен болған сұхбаттың екінші бөлімі эфирге шықты
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Допингке қатысты дау-дамайға байланысты «Тур де Франс» жеңімпазының 7 титулынан айырылған американдық велошабандоз Лэнс Армстронг ол үшін өмір бойына спорттан аластатылу «өлім жазасымен» тең екенін мәлімдеді.
18 қаңтарда кешқұрым тележүргізуші Опре Уинфриге берген сұхбатының екінші бөлімі эфирге шықты.
Бұған дейін Уинфридің ток-шоуында Армстронг допинг қолданғанын мойындаған болатын.
Спортшының сөзіне қарағанда, ол қайтадан жарыстарға қатысқысы келеді. Онымен бірге Армстронг мәлім еткендей, оның қатерлі ісікпен күрес Livestrong қорының жұмысынан бас тартуы допинг үшін тағылған айыптардан кейін орын алған ең жағымсыз оқиғалардың бірі.
Айта кетейік, 2012 жылдың қазан айында велошабандоз «Тур де Франстың» 7 титулынан айырылып, өмір бойына спорттан аластатылды.