«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» өзіне еншілес компаниялардың арасында байқау өткізеді

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының халықтары тілдерінің күнін атап өту мақсатында өзіне еншілес компаниялардың арасында байқау ұйымдастырмақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының халықтары тілдерінің күні атап өтіледі. Биыл бұл дата қыркүйектің 20-сына сәйкес келіп отыр.

«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» ел үшін атаулы бұл күнді мерекелеу мақсатында Холдингтің құрамына кіретін компаниялардың арасында байқау өткізеді. Бүгінде Холдингке «Қазақстандық телекоммуникациялар (КАТЕЛКО), «Қазтелерадио», «Хабар» агенттігі», «Қазақстан» Республикалық телерадиокешені», «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы», «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» және «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ-лар мен «Жас өркен», «Қазақ газеттері», «Arna Media Advertising», «Arna Media Production», «Arna Media Services» ЖШС-лар еніп отыр.

Қыркүйектің 18-інде өтетін байқауға әр компаниядан қатысатын топтар өздерінің танымдық ой-өрістері мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру деңгейлерін сарапқа салатын болады. Сондай-ақ шығармашылық талаптарын паш етіп, Қазақстанда тұратын ұлт-өкілдерін таныстыруы тиіс. Байқау барлығы 4 кезеңнен тұрады. Оның нәтижесі бойынша ең үздік командалар анықталып, марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар