«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингіде кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің 2010 жылғы ақпанның 22-сіндегі шешімімен холдинг басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бұрын холдингінің басқарушы директоры болып жұмыс істеген Нұрай Оразов сайланды.

«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингіде кадрлық өзгерістер болды

Нұрай Нұрғожаұлы Оразов 1963 жылы қаңтардың 17-сінде туған.

Әр жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің консультанты; ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ Н.Оразов Президенттің баспасөз қызметі басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

«Арна Медиа» ҰАХ» АҚ-ға келгенге дейін Нұрай Оразов ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болды.