Арнасай ауылында Азиада ойындары құрметіне денсаулық фестивалі өтеді

АНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Арнасай ауылында (Аршалы ауданы, Ақмола облысы) балалар, жасөспірімдер, жастар және ересек тұрғындардың арасында қысқы спорт түрлерінен денсаулық фестивалі өтеді бұл туралы «Абота» қоғамдық қоры хабарлайды.
None
None

«Шайбалы хоккей де, мини-футбол да, шорт-трек, шаңғы жарыстары спорты, балалар эстафеталары да болады. Бір сөзбен айтқанда, жақын жерде орналасқан ауылдардың барлық тұрғындары үшін өзіміздің шағын Азиадамызды өткіземіз. Еліміздің тыныс-тіршілігінен хабардар болып, 2011 жылғы Азиада сияқты үлкен әрі аса ауқымды шараға қатысты болу - маңызды» - дейді фестиваль ұйыдастырушылары «Ақбота» қоғамдық қорының өкілдері.

Үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, Аршалы ауданының әкімдігі, Ұлттық волонтерлік желімен бір топта, «Ақбота» қоры Арнасай, Волгодоновка және Қойгелді ауылдарында тұратын балаларды, жастарды және ересек азаматтарды біріктіреді.

Денсаулық фестивалін өткізудің басты мақсаты - қысқы спорт түрлерін көпшілікке насихаттау және 7-қысқы Азия ойындарын қолдаумен қоса, салауатты өмір салтын жүргізу, жанкүйерлік рухты нығайту, волонтерлік мәдениетті және отаншылдықты дамыту жолында балалар мен ересек азаматтарды біріктіру.

«Фестивальдің бүгінгі қатысушылары - келешекте чемпиондар атанып, еліміздің намысын халықаралық жарыстарда табысты қорғайтын біздің болашақ қаһармандарымыз болуы мүмкін! Осы фестиваль арқылы біз, әрбір қазақстандық азамат, өз орнында, Азиаданың өткізілуін қолдайтынын, бірлігіміз жарасып тұрса, «Көптің тілегі - күш» екендігін көрсеткіміз келеді!» - дейді «Ақбота» ҚҚ өкілдері.

Соңғы жаңалықтар