Арнасынан асқан Даугава өзені Латвияның бір қаласын толығымен басып қалды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Даугава өзені арнасынан асып, Ригадан 100 шақырым жерге орналасқан Плявиняс қаласын басып қалды. Бұл туралы Латвияның Мемлекеттік өрт-құтқару қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Арнасынан асқан Даугава өзені Латвияның бір қаласын толығымен басып қалды

Даугава өзенінің суы 163 сантиметрге көтеріліп, қаланың орталығы мен маңы толығымен су астында қалды. Синоптиктердің болжамынша, су деңгейі бүгінгі күн бойы тағы да 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ. Плявиняс қаласының халқын қауіпсіз жерге көшіру үшін қосымша күш келуде.