Арнасынан тасыған Шарын өзені 100 үй мен 250 ауланы басып қалды - Алматы облысы
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы арнасынан тасыған Шарын өзені 100 үй мен 250 ауланы басып қалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Төтенше жағдай дүйсенбі, 10 қаңтар күні кешкі сағат алты шамасында орын алды. 356 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, туыс-туғандарына жеткізілді. Тағы 18 адам екі орта мектепке орналастырылды. Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі төмендеді, ел тұратын аумақтан суды басқа жаққа бұру жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 298 адамы мен 22 техникасы айналысуда.