Арнайы экономикалық аймақ басшылары министрге есеп береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жұмыс істеп тұрған барлық арнайы экономикалық аймақ басшылары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдында атқарған жұмыстары жайында есеп беретін болады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы біз арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне жүйелі сараптама жүргізген едік. Бүгінде заңнамалық олқылықтарды алып тастауға тырысудамыз. «Арнайы ЭА-лар туралы» заң жобасы қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Кеше бұл мәселені Мәжілісте қарадық. Бірінші жартыжылдықта аталған құжатты Мемлекет басшысының қол қоюына енгізуді жоспарлап отырмыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп тұрған барлық арнайы экономикалық аймақтар басшыларының жұмыстарын одан ары жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізу үшін тыңдау өткіземіз», - деді Жеңіс Қасымбек.