Арнайы экономикалық аймақтар Бірыңғай үйлестіру орталығынан басқарылады - Е. Сағадиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде Арнайы экономикалық аймақтарды басқару жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылатын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
None
None

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың бірыңғай үйлестіру орталығы қарастырылып отыр. Әзірше, бұндай орталық «KAZNEXINVEST» АҚ базасында басқарушы компаниялардың мемлекеттік акциялар бөлігін бере отырып құру ұсынылады.

«Бірыңғай үйлестіру орталығының негізгі міндеті оларды басқарудың халықаралық стандарттарына айналдыру, бизнес-үдерістерді енгізу, жаңа қатысушылар мен инфрақұрылымдық инвесторларды тарту бойынша маркетингтік шаралар ұйымдастыру болмақ. Бұдан бөлек, заң жобасымен Арнайы экономикалық аймақтар қызметіне қатысты бірқатар жүйелі проблемаларды шешу көзделеді. Аймақтардың тиімділігін арттыруға, басқарудың жаңа тетіктерін енгізуге, белгілі бір мақсаттар үшін шығындарды оңтайландыруға бағытталған шаралар да қамтылады», - деді Е. Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар