Арнайы экономикалық аймақтарды басқару мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар түрінде құрылатын басқарушы компанияларға беріледі
СТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Арнайы экономикалық аймақтарды басқару мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар түрінде құрылатын басқарушы компанияларға беріледі.
Бұл туралы бүгін Астанадағы Үдемелі идустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын қадағалау және мониторинг бойынша сарапшылық тобының отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі Арнайы экономикалық аймақтар жұмысы тиісті қарқында емес. Атап айтқанда, әзірге аталған аймақтардың жұмысы аяғына дейін жолға қойылмаған. «Онда құқықтық режім әрекет етеді. Бұл дегеніміз, осы тұрғыда салықтық және кедендік жеңілдіктердің ұсынылуын ескеру», - деді Б. Қамалиев. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде басқарушы компаниялар бойынша бірқатар ұсыныстар жасалған.