Арнайы экономикалық аймақтарды жаңадан құру тоқтатылсын - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Еліміздегі барлық арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмыстарына тексеру жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы экономикалық аймақтарды жаңадан құру тоқтатылсын - Президент

«Бюджеттің мол қаражаты арнайы экономикалық аймақтарды құруға жұмсалуда. Қазіргі уақытта  бізде 11-і бар, 283 млрд теңге бөлінді. Облыс әкімдері жаңа АЭА құру өтініштерімен бізді қағаздың астында қалдыруды жалғастыруда. Үкімет аталған 11 АЭА-ға сыни көзбен қарасын, олар не берді? Мән-жайды анықтамайынша ешқандай АЭА құрылмасын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Елбасы еліміз экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру қажеттігіне назар аудартты.

«Біз жыл сайын ондаған жаңа өндірісті іске қосып, жаңа жұмыс орындарын құрамыз. Индустрияландыру жылдары ішінде өңдеу секторы 36 процентке өсті. Бұл жетістік, шикізаттық ресурстардан балама құруға тырысудамыз. Бұған қоса, экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі өскен жоқ. 11 процент болған. Сол күйінде қалып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл жайт шикізаттың экономикамен қатар өсуімен түсіндірілетіндігін атап өтті.

«Бірақ, мұндай түсіндіру қабылданбайды. Экономиканың жалпы көлемі өсуі тиіс. Бізге алдыңғы қатарлы технология беріп, экспорттық өнім шығаратындарға мемлекеттік қолдау көрсетуіміз қажет», - деді Қазақстан Президенті.