Арнайы экономикалық аймақтардың үшеуінде 167 жоба жүзеге асырылды - Индустрия және сауда министрлігі

денің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі уақытта «Ақпараттық технологиялар паркі», «Ақтау теңіз порты», «Астана-Жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарында 167 жоба жүзеге асырылды.

Арнайы экономикалық аймақтардың үшеуінде 167 жоба жүзеге асырылды - Индустрия және сауда министрлігі

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша,  «Астана-Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 628 миллиард теңгенің  141 жобасы, «Ақтау теңіз порты» аймағында 13 миллиард теңгенің 3 жобасы, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар паркінде» 23 жоба (10 миллиард теңге) жүзеге асырылды.

Ә. Исекешев аталған үш аймақтың аумағында, сондай-ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы да 127 жоба жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.