Арнайы қызмет Бельгия мен Францияда теракт жасауға дайындалып жатқаны жайлы ескертті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның арнайы қызметтері Сириядан «ДАИШ» лаңкестік ұйымының содырлар тобын Еуропаға жібергенін, олар Бельгия мен Францияда шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Елдің барлық құқық қорғау органдарына жолданған тиісті хаттың үзінділерін La Derniere Heure газеті жариялады.

«ДАИШ» содырлары шамамен бір жарым апта бұрын Түркия мен Грекия  арқылы құжатсыз Еуропаға жету үшін Сириядан кетті.  Бұл адамдар екіге бөлінуі мүмкін: біреулері Бельгияға, басқалары Францияға екі-екіден шабуыл жасау үшін баруы ықтимал. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар қаруланған», - деп хабарлады бельгиялық күш құрылымдары.

Бельгияда нысанаға Брюссельдегі ірі сауда орталығы, американдық фастфуд желісі мейрамханаларының бірі немесе полицей учаскесі ілігуі мүмкін екені айтылды.

Газет  OCAM (Бельгияның ІІМ жанындағы қауіпке талдау жасау жөніндегі үйлестіру орталығы) басшысы Поль ван Тигхельттің сөздерін келтірді.

«OCAM түрлі ақпарат алып жатыр. Көп жағдайда ол тексерілмеген болады. Біздің міндетіміз әріптестерімізді ескерту, түсіп жатқан ақпараттарды сараптау және тексеру.  Қазіргі жағдайда қауіп деңгейін көтеру қажет емес деп ойлаймыз», - деді Поль ван Тигхельт.

Соңғы жаңалықтар
telegram