Арнайы қызмет Британияда, Францияда және ГФР-де бірнеше лаңкестіктің жолын кесті

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Арнайы қызметке Ұлыбритания, Франция, және Германия қалаларында бірнеше лаңкестіктің алдын алуға мүмкіндік туды.
None
None

Осы аталған еуропалық елдерде «Әл-Кайеда» ұйымымен байланысты пәкістандық содырлар бір уақытта лаңкестік шабуылды жүзеге асыруды жоспарлаған, деп хабарлайды Лента.ру ақпарат агенттігі.

Дүркін-дүркін бір уақытта жасалуы тиісті лаңкестіктің алдын алу Еуропа елдері мен АҚШ- тың барлау органдарының үйлесімді іс-қимыл жүргізуінің арқасында мүмкін болып отыр. Лаңкестер 2008 жылдың қарашасында Мумбаи қаласында жүзеге асырған сценарий бойынша еуропаның қалаларына шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарланады таратылған хабарламада. Одан басқа лаңкестікке қатысты нақты ештеңе айтылмаған.

Соңғы жаңалықтар