Арнайы қызмет «қарулы лаңкестік топтың» көзін жойды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оқу-таныстыруға арналған әскери шарада қазақстандық арнайы қызмет сарбаздары қарулы лаңкестік топтың көзін жойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Арнайы қызмет «қарулы лаңкестік топтың» көзін жойды

кгб  кгб кгб
Оқу-таныстыру жаттығуының міндеті бойынша, құқық қорғау органы қызметкерлері қоймадан қару ұрлап жатқан топты ұстау керек болады. Бұл  арнайы ойластырылған жоспар.

Қылмыскерлердің әрекеті туралы хабарланғаннан кейін арнайы жасақ тікұшақпен келіп, аталған қылмыстық топты жою үшін жедел-әскери шараға кіріседі.

кгб  

Атыс барысында екі сарбаз жарақаттанып, жасақ құрамындағы медициналық тәжірибесі бар адам ұрыс біте салысымен оларға алғашқы жәрдем көрсетеді. Осыдан кейін жаралыларды тікұшақпен эвакуациялайды. 

кгб  

Оқу-таныстыру шарасы барысында бронды техникалар пайдаланылды.

Айта кетейік, аталған шараның мақсаты - ұрыс жағдайындағы парамедициналық қызметкердің көмек көрсетуі болды.

кгб