Арнайы операция барысында жарты миллиард доллардың есірткісі тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы бірқатар елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесе Латын Америкасынан есірткі контрабандасымен айналысатын «Ндрангета» мафиялық ұйымын әшкере етті.
None
None

Арнайы операция барысында қара нарықта 500 млн. доллардан астам қаржыға тең кокаин тәркіленді.

Осы қылмыстық топ бойынша тергеу амалдары екі жылға жалғасып, осының нәтижесінде Италия оңтүстігі мен Бразилияда 40-тан астам адам қамауға алынды.

Тыңшылардың арқасында кокаиннің Перу мен Бразилиядан Италияға көліктік кемелер арқылы тасымалданатын бағдарлары анықталды, деп жазады ВВС.

Соңғы жаңалықтар