Арнайы операция: Қызылордада мұнай ұрлығына қатысты шенділер сотталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында өңірде мұнай ұрлаумен айналысқан деген күдіктілерге қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс бойынша 21 адамнан жауап алынып жатыр. Олардың арасында Қызылордадағы мұнай компанияларының жұмысшылары мен кәсіпорын күзетшілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының бірқатар лауазымды тұлғалары бар.
Алдын ала белгілі болғандай, 9 күдікті өздерінің кінәсін толық, 6-ауы ішінара, тағы 6-ауы мүлде мойындамайтындығын айтқан.
Еске сала кетейік, былтыр 16 мамырда ҚР ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бірнеше қалалаларда ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша ауқымды арнайы операция жүргізілген болатын.