Арнайы топ кеден бекеттерін тексеруде - М.Есенбаев

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитеті жанынан құрылған арнайы топ шекарадағы кеден бекеттерін тексеріп жатыр.

Арнайы топ кеден бекеттерін тексеруде - М.Есенбаев

Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев айтты.

«Аталған топтың мамандары бизнесмендер болып кеден бекеттерінің жұмысын зерделеп жүр. Олар барлық заң бұзушылықтарды бейне және фотожазбаға түсіріп отырады», - дейді М.Есенбаев. Комитет төрағасы атап көрсеткендей, осындай бейнетүсірілімнің негізінде «Қордай» бекетінде жүктерді ешбір кедендік алым-салымсыз өткізу оқиғасы анықталды. Осының нәтижесінде біз бекетте екі ауысымда жұмыс істеген 20-ға жуық қызметкерді жұмыстан босаттық. Олардың орнына жас мамандар келді. «Ал жұмыстан босатылған кеденшілер бойынша ішкі тергеу басталды. Егер осы қызметкерлердің «Қордай» бекетіндегі заңсыздықтарға қатысы бары дәлелденсе, онда олар толық жұмыстан босатылып, қылмыстық жазаға тартылады», - дейді комитет басшысы.