Арнайы үйретілген сұңқарлар мен үкілер қалада толып кеткен көгершіндермен күреседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көріктілігімен ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Төменгі Саксониядағы Гослар (Goslar) билігі қалада толып кеткен көгершіндермен күресудің XXI ғасыр үшін ерекше әдісін ойлап тапты.

Арнайы үйретілген сұңқарлар мен үкілер қалада толып кеткен көгершіндермен күреседі

Олар шатырда, терезе алдында, бағандар мен алаңдарда көпшіліктің мазасын алған көгершіндерді сұңқарлар мен үкілердің көмегімен қууды қолға алынбақ. Лейпцигте арнайы оқытылған жыртқыш құстар әуе кеңістігін торуылдауды бастады.