Арнольд Шварценеггер аяғын сындырып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер оң аяғын сындырып алды.
Әртіс ABC News эфиріне шығатын Live with Kelly телехабарына арнайы медициналық бәтеңке киіп келді.
«Әншейін педикюр кезіндегі аздаған сәтсіздік»,-деп әзілдей жауап берді ол жүргізушінің осы жағдайға байланысты қойған сауалына. Шварценеггер артынша, шамадан тыс түскен жүктеменің салдарынан аяқ сүйегіне сызат түскендігін жеткізді.
«Мүмкін бұл шаңғымен жиі серуендеуінен, мүмкін көп отырып немесе көп жүгіргендігінен болар... Бірақ бұл кімге уайым дейсің?» -деп атап өтті ол.
Дегенмен, 69 жастағы актер өзінің көп уақытын жоғарыда айтқан спорттық шараларға жұмсайтындығын ескерте кетті.
Шварценеггер, дәрігерлердің оған бірнеше апта бойы медициналық бәтеңкені киюі тиістігін ұсынғанын, бірақ өзі оны «тездетіп шаңғыныкіне ауыстыруға жиналып» жүргенін жеткізді. Жүргізуші де сөз арасында бұл аяқ киімнің «терминатордікі» тәрізді көрінетіндігін айта кетті.
Еске сала кетсек, қазан айында Шварценеггер мен Джеки Чан Олег Степченконың «Вий - Қытайға сапар: Темір маска құпиясы» («Вий-2») фильмдеріндегі рөлдер сомдайтындығы белгілі болған еді.
Калифорнияның бұрынғы губернаторының қатысуымен шыққан фильмдердің жұртшылыққа кеңінен танымалдары - «Терминатор», «Коммандо», «Жыртқыш», «Қызыл аптап», « Бәрін еске түсіру», «Балабақша полицейі» және «Ақырзаман».