Арнольд Шварценеггер губернатор болған уақыт ішінде Калифорния штатының бюджет тапшылығы 28 млрд. долларға дейін, екі есеге көбейді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Арнольд Шварценеггер Калифорния штатының губернаторы лауазымын атқарған уақыт ішінде бюджет тапшылығын 28 млрд. долларға дейін, екі есеге көбейтіп жіберді. Губернатор тағынан түсерде А.Шварценеггердің рейтингісі абсолюттi танымалдылықтан 23 пайызға дейін түсіп кетті.

Арнольд Шварценеггер губернатор болған уақыт ішінде Калифорния штатының бюджет тапшылығы 28 млрд. долларға дейін, екі есеге көбейді

Штаттың жаңа губернаторы демократ Джерри Браун ант қабылдап, қызметіне кірісті. 72 жастағы Дж. Браун осымен екінші рет губернатор болып отыр, алғаш рет ол бұл лауазымды 1975-1983 жылдар аралығында атқарған.