АрселлорМиттал Теміртау үш жыл ішінде өндіріске 305 млрд инвестиция салады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ 2018-2020 жылдары дамыту үшін Жол картасы қабылданды. Құжатқа компанияның бас директоры Парамжит Калон мен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрі Жеңіс Қасымбек қол қойды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
Жол картасы-2020 құжатында «АрселлорМиттал Теміртау» үш жыл ішінде болат, көмір және кен департаменттерінің өндіріс нысандарына 305 млрд теңге инвестиция құятыны көрсетілген. 2010 жылдан бастап бұл компанияның өндірісін жаңғыртуға бағытталған ең жоғары деңгей болып отыр.
2018 жылы - 100 млрд, ал 2019 жылы - 105 млрд, 2020 жылы - 100 млрд теңге салынады. Өндірісте өсімді ұлғайтуға, еңбекті қорғауға және техникалық қауіпсіздікті сақтауға, тұрақты дамуға арналған шараларды жүзеге асу жоспарланған.
Компанияның жоспарында шойын өндірісі көлемін ұлғайту, жоғары сапалы құрыш маркасы портфолиосын арттыру көзделген.
Әсіресе экология мәселесіне ерекше мән берілетін болады. Бағдарлама аглоөндірісті дамытуға және шаң-тозаңды тастау көлемін төмендетуге бағытталған.
Индустрия 4.0 стандарттары қолданылатын болады.
Фото: karaganda-region.gov.kz