«Арселор Миттал» Қазақстан шахталарында қайғылы оқиғалар болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды - Л. Миттал

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Арселор Миттал» компаниясы Қазақстан шахталарында  қайғылы оқиғалар болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және соған қол жеткізбейінше тынбайды.
None
None

Бүгін Астанада өткен Кен-қазба өнеркәсібіндегі еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне арналған форумда аталмыш компания Директорлар кеңесінің төрағасы және Бас директоры Лакшми Миттал  осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . 

Оның сөзіне қарағанда, еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі бағдарламаны жақсарту компанияның қашанда бірінші басымдығы болып табылады. Л. Миттал алайда еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтауға бірден қол жеткізу қиын дүние екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл дұрыс инвестициялауға ғана емес, сонымен бірге тәжірибені өзгертумен, адамдардың қауіпсіздікке қатысты көзқарасымен байланысты дүниелер. «Бұған қол жеткізу ұзақ уақытты алуы мүмкін. Алайда, біз осы бағытта күн сайын нақты қадамдар қабылдап жатырмыз», деді ол.

 «Біздің персоналымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі бұл орасан зор жауапкершілік. «Арселор Митталдың» техника мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасы соңғы үш жылда жақсарып келеді. Біз соңғы екі жылда Қазақстан шахталарына айтарлықтай инвестиция салдық. 2009 жылды 2008 жылмен салыстыратын болсақ, оқиғалар көрсеткіші 46 пайызға, жарақат 24 пайызға, қайғылы оқиғалар 80 пайызға төмендеді», деді Л. Миттал. 

Соңғы жаңалықтар